Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «ЦентрКредит Банкі» ұйымдастырған «Business Kezdesu» іс-шарасы өтті.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «ЦентрКредит Банкі» ұйымдастырған «Business Kezdesu» іс-шарасы өтті.

 

15 жылдан астам уақыт бойы облыста екінші деңгейлі банктермен тығыз байланыста мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары жүзеге асырылуда. Осындай ынтымақтастықтың жарқын мысалы «Бизнестің жол картасы» шеңберінде қатардағы қаржы институтынан кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау көшбасшысына дейінгі жолдан өткен «ЦентрКредит Банкі» болды. Екі жыл қатарынан барлық қолдау көрсетілген жобалардың жартысына жуығы «ЦентрКредит Банкі» облыстық филиалына тиесілі.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 25 ақпанында облыс әкімдігінің «Б» корпусында Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «ЦентрКредит Банкі» ұйымдастырған «Business Kezdesu» іс-шарасы өтті. Кездесу кәсіпкерлік ойлау парадигмасын өзгертуге арналған оқыту семинары форматында өтті. Бұл тақырып бойынша тәжірибелі кәсіпкер, Қазақстандағы ТМД спикерлер қауымдастығының басшысы Дәурен Нұров сөз сөйледі.

Сондай-ақ, «ЦентрКредит Банкі» кәсіпкерлер үшін ең өзекті банктік өнімдерін, оның ішінде «жасыл» технологияларды дамытуға кредит беруді, техника мен коммерциялық үй-жайларды лизингке беруді, сондай-ақ В2В форматында төлем жүйелерін пайдалануды таныстырды.

 Кездесуге қалалар мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері және, әрине, мүдделі кәсіпкерлер қатысты.