«INVEST STROY LES» ЖШС

«INVEST STROY LES» ЖШС

«INVEST STROY LES» ЖШС 2022 жылдан бастап облыс аумағында ағаш материалдарын өндіріп келеді: ағашты кесу және сүргілеу, бөренелер, жиек және кеспейтін тақталар, бағаналар, шпалдар, отын, рудстойка және лаг өндіру. Негізгі тұтынушылар - қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар, құрылыс ұйымдары және жеке үй шаруашылықтары.

Компания бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді, бұл ретте автомобиль және темір жол жүк жеткізілімдерін, оның ішінде тұрақты клиенттер үшін арнайы ұсыныстар бойынша жүзеге асырады.

2023 жылы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдаудың арқасында компания «Банк ЦентрКредит» АҚ кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында поддон өндірісін іске қосты. Қарыз қаражаты есебінен бөренелерді кесуге, арқалықтар мен тақталарды одан әрі өңдеуге арналған жабдықтар сатып алынды.

2024 жылы Кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасы аясында кәсіпорын айналым қаражатын толықтыруға 82% мөлшерінде төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен және «Даму» Қорының кепілдігімен несие алды