Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлер үшін ақпарат!

Өңдеу өнеркәсібі  саласындағы кәсіпкерлер үшін ақпарат!

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өндірістік компанияларды инвестициялық мақсаттарға жылдық 6% - бен кредиттеуді, айналым қаражатын толықтыруды және қайта қаржыландыруды көздейтін өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын іске асырады. Кредиттің ең жоғары сомасы – 3,6 млрд.теңге, кредит беру мерзімі – 10 жылға дейін.

Кредит алу үшін өтімді кепіл қажет, бұл ретте кредиттік қаражат тек қолма-қол ақшасыз нысанда игерілуі тиіс.

Толығырақ ақпарат алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалына мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 65, «City Kostanay» бизнес-орталығы, 2 қабат, тел. 8 (7142) 990-305