2024 жылғы 4-5 наурызда Түркістан қаласында «Гографиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау және олардың ұлттық брендтерді ілгерілетудегі рөлі» тақырыбында халықаралық семинар өтеді

2024 жылғы 4-5 наурызда Түркістан қаласында «Гографиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау және олардың ұлттық брендтерді ілгерілетудегі рөлі» тақырыбында халықаралық семинар өтеді

2024 жылғы 4-5 наурызда Түркістан қаласында «Гографиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау және олардың ұлттық брендтерді ілгерілетудегі рөлі» тақырыбында халықаралық семинар өтеді. Семинар шеңберінде отандық тауарлардың көрмесі өткізіледі, онда қатысушылар Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдерінен өндірілетін өнімнің атауында географиялық көрсеткіш алу мүмкіндігі бойынша кеңес ала алады.

Географиялық көрсеткіш – бұл аймақтың өндірушілеріне аймаққа байланысты тауардың атауына құқықты бекітуге мүмкіндік беретін бірегей зияткерлік меншік объектісі болып табылады. Осылайша, бұл ұлттық брендтердің сыртқы нарықта танылуын арттырады, инвестициялық тартымдылықтың өсуіне және туристік саланың дамуына ықпал етеді.