Облыс тауар өндірушілерінің назарына!
Мемлекеттің елішілік құндылықты дамыту саласындағы саясатын іске асыру шеңберінде отандық тауар өндірушілер мен ұлттық компаниялар, холдингтер арасында офтейк-келісімшарттар жасасуға белсенді рөл беріледі.
Офтейк-келісімшарт - құны, саны (көлемі) және беру мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен өнім беруші болашақта өндіруді және оны беруді қамтамасыз етуді жоспарлап отырған тауарды беруге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шартты білдіреді.
Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ импортты алмастыру бағдарламасы аясында отандық тауарөндірушілерімен офтейк-келісімшарттар жасасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Сонымен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қазіргі уақытта қор ұйымдары импорттайтын Тауарлар пулын қалыптастырды, олардың тізбесі тоқсан сайынғы негізде өзектендіріледі https://www.skc.kz/activity/import-substitution/products/.
Жаңа өндірісті құруға немесе қолданыстағы өндірістің шығарылатын тауарларының номенклатурасын кеңейтуге мүдделі болған жағдайда Офтейк-келісімшарттарды жасасу және орындау тәртібімен толығырақ «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС сайтында https://www.skc.kz/activity/import-substitution/ сілтеме бойынша танысуға болады немесе мына мекенжай бойынша: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 85, телефон: 8 (7142) 90-20-63.