Облыс әкімінің "Қостанай МБИ" ЖШС үй құрылысы комбинатына және "Евраз Каспиан Сталь"ЖШС металлургия өнімдерін дайындау компаниясына баруы

Облыс әкімінің "Қостанай МБИ" ЖШС үй құрылысы комбинатына және "Евраз Каспиан Сталь"ЖШС металлургия өнімдерін дайындау компаниясына баруы

А. ж. 27 шілдеде облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов «Қостанай МБИ» ЖШС үй құрылысы комбинатының және «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС металлургия өнімдерін дайындау компаниясының қызметімен танысты.

Үй құрылысы комбинаты 2014 жылы Индустрияландырудың өңірлік картасы аясында іске қосылды. «Қостанай МБИ» ЖШС қызметінің негізгі түрі қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метр болатын әртүрлі мақсаттағы темірбетон және бетон бұйымдарын, соның ішінде іргетас блоктарын, іргетас жастықтарын, баспалдақ марштарын, қадаларды, тауарлық бетонды және т.б. шығару болып табылады.

Кәсіпорын басшылығы облыс әкіміне кәсіпорын жұмысын таныстырып, алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

Кездесу соңында облыс әкімі Қ.Ақсақалов Құрылыс басқармасына «Қостанай МБИ» ЖШС ҮҚК-ын жүктеу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Қуаттылығы жылына 450 мың тонна ұсақ сортты прокат өндіретін кәсіпорын «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істейді.

Зауытты Қостанай облысының аумағында орналастыру көліктік-логистикалық артықшылықтарға байланысты. Осылайша, өнімдер Қазақстан нарығында және ТМД елдерінде сатылады.

Кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді және бүгінде 90% - ға жүктелген.

Кәсіпорынның бас директоры зауытты «Батыс» қосалқы станциясына қосу жөніндегі мәселені пысықтау қажеттігі туралы хабардар етті, бұл кәсіпорынның өндірістік көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.