Кәсіпкерлердің назарына!

Кәсіпкерлердің назарына!

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңының 12-бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) құзыретіне туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау (жоба құнының 10%), жол бойындағы сервис объектілерін салу (жоба құнының 10%), туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша (автокөлік сатып алу құнының 25%) кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстау шығындарының бір бөлігін субсидиялау (ай сайын 83300 теңге) кіреді.

Осы мемлекеттік қолдау шараларының бекітілген қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері өтінімдерді жергілікті атқарушы орган – Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына жолдайды.

Сондай-ақ туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау және жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу актісі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілген объектілерге қатысты екенін атап өту қажет.

Құжаттар тізбесі және мемлекеттік қолдау көрсету мерзімдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрықтарымен бекітілген тиісті Қағидаларда көрсетілген.

Қызығушылық танытқан жағдайда Басқарманың туризм және лицензиялау бөліміне 8 7142 902061 телефоны бойынша хабарласуға болады.