Назар аударыңыздар, конкурс!

Назар аударыңыздар, конкурс!

Ағымдағы жылғы 5-9 тамыз аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ Instagram-алаңда Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қостанай облысының мәдени-тарихи туризмі» тақырыбында фото-конкурс өткізеді.

Жеңімпаздар келесідей сыйлықтармен марапатталады:

Бірінші орын – нағыз туристке арналған тоңазытқыш сөмке, термо кружка және қолшатыр

Екінші орын – ұлттық нақыштағы киізден жасалған сәндік панно және рюкзак

Үшінші орын - бірегей шопер сөмкесі және тұтқасы бар күнделік

Қатысу үшін сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. @Visit_kostanay аккаунтына жазылу
  2. Осы постты сторизде өз парақшаңызға репост жасау
  3. Осы посттың астында үш досты белгілеу
  4. Ең бастысы-лентаға А .Байтұрсыновтың өміріне қатысты Қостанай облысының туристік объектілері бойынша Сіздің сапарыңыз туралы пост жазу (ескерткіш, университет, мұражай, көше және т.б. болуы мүмкін).

Сіздің постта @visit_kostanay аккаунтын белгілеп, #visitkostanay хэштегін қою керек.

Посттағы белгі мен хэштег міндетті болып табылады, олар арқылы біз сізді таба аламыз және ең қызықты посттардың жеңімпаздарын анықтай аламыз!!

Жеңімпаздарды іріктеу критерийлері: ақпараттылық және посттың креативтілігі, әдемі фотосуреттер, Қостанай облысында ішкі туризмді ілгерілету! Ең бастысы – фото және жариялым Қостанай облысындағы А.Байтұрсыновтың өміріне қатысты туристік нысандарға барғаныңызды сипаттауы тиіс.

Конкурс 9 тамызда аяқталады, жеңімпаздар а. ж. 10 тамызда облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандарымен таңдалады.

Конкурс қорытындысы а. ж. 10 тамызында жарияланады.