«Біріңғай туризм – Единый туризм» әлеуметтік туристік слеті

«Біріңғай туризм – Единый туризм» әлеуметтік туристік слеті

Басқарма балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту шеңберінде  а.ж. 24 шілдеде «Золотой фазан» қонақүйінің ауласы базасында «Біріңғай туризм – Единый туризм» әлеуметтік туристік слетін өткізді. Слет жұмысына «Үміт-Надежда», «Радуга» қоғамдық бірлестіктерінен, Қостанай қаласының № 14 негізгі орта мектебінен, № 2 ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешенінен, Қостанай ауданының «Адреналин» және Қостанай ауданының «Қарабалық ауданы» командалар қатысты.

Қатысушылар шатыр орнату, от жағу, алғашқы медициналық көмек көрсету, жерге бағдарлау сияқты туристік эстафеталардан өтті және түйіндерді тоқу бойынша білімдерін қолдануды.

Балалар туристік слетінің шығармашылық бөлігінде – туған өлкенің көрікті жерлерінің тұсаукесері және вокалдық нөмірлерді орындауда өздерін ерекше жарқын көрсетті.

         Барлық командалар қатысқаны үшін естелік сыйлықтар, жүлделі орындар және жеке номинациялар алды.

«Серпін» компаниясының өкілдері – Жанат Айдос пен Мурзагалиев Русланды іс-шараны ұйымдастыруға сапалы және адал қолдауы үшін,

Гумиров Валерий және оның командасын туристік жарыстарда кәсіби нұсқау бергені үшін,

Сондай – ақ, «Біріңғай туризм-Единый туризм» әлеуметтік туристік слетінің жарыстары мен конкурстарының барлық кезеңдеріне белсенді қатысқаны және сәтті өткені үшін туристік слеттің барлық қатысушыларына АЛҒЫС АЙТҚЫМЫЗ КЕЛЕДІ!