Табыс тарихы; Қазақстандық өндіруші–неміс сапасы

Табыс тарихы; Қазақстандық өндіруші–неміс сапасы

«Hydraulic systems Kazakhstan (Қазақстанның гидравликалық жүйелері)» ЖШС 2017 жылы құрылған. Компания GHM Messtechnik GmbH, Ege-Elektronik Spezial Sensoren GmbH және MTS sensors Temposonics GmbH Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып табылады.

Қостанайда UNIFLEX-Hydraulik GmbH неміс фирмасының және O+P S.r.l итальяндық компанияның заманауи жабдықтарымен жабдықталған жоғары қысымды жеңдерді дайындау және жөндеу бойынша цех жұмыс істейді.  Кәсіпорында ISO 9001, 14001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттары бойынша жұмыс жүйесі енгізілген. Дайындалатын өнімге тауар өндірушінің СТ KZ сертификаты бар.

«Hydraulic systems Kazakhstan» компаниясы 2021 жылы «ForteBank» АҚ-ға өндірістік қуаттарды ұлғайту және айналым қаражатын толықтыру үшін жаңа жабдықтар сатып алуға кредит алу үшін жүгінген болатын. Кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 14% - ды құрады, оның 6% компания төлейді, ал 8% мемлекет субсидиялайды. Осындай жеңілдіктер кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша беріледі. Кәсіпорын пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеу үшін субсидия алады, бұл кредиттік жүктемені айтарлықтай төмендетеді. Сондай-ақ, жетіспейтін кепіл сомасына «Даму» қоры компанияға өз кепілдігін берді.

«Hydraulic systems Kazakhstan» ЖШС жергілікті өндірушілермен ынтымақтастықта жұмыс істейді, бұл серіктестерге РВД, гидравликалық жабдықты сатып алу және ұстау шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді және сәйкесінше өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.