Табыс тарихы: Сіздердің жүктеріңізді тасымалдау – бұл A.V.M. Group қамқорлығы!

Табыс тарихы: Сіздердің жүктеріңізді тасымалдау – бұл A.V.M. Group қамқорлығы!

Жүк тасымалдау – бұл табыстың сұранысқа ие болатын, тұрақты және өзекті тәсілі. Жүк тасымалының нарығы күн сайын артып келеді, ал ондағы бәсекелестік күшейе түсуде. Көптеген кәсіпкерлер арнайы білім мен дағдыларды алады, бірақ олардың көпшілігінде бастапқы капитал жеткіліксіз.

«A.V.M. Group» ЖШС директоры болып табылатын Александр Мущинский 2011 жылдан бастап жүк тасымалдаумен айналысады. Бүгінде оның өз көлік компаниясы бар, ол әсерлі автопаркі мен тасымалдардың кең географиясының арқасында Қостанайдағы көліктік және логистикалық қызметтер нарығында жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

«A.V.M. Group» ЖШС әр тапсырысқа үлкен көңіл бөле отырып, кәсіпорындармен және тұрғындармен жұмыс істейді. Жүктер тек Қазақстан аумағы арқылы ғана емес, сондай-ақ Ресей Федерациясына, Қытай мен Еуропаға да тасымалданады.

Компанияның басты артықшылығы - жүктерді сақтау үшін жаңа рефрижератор тіркемелерінің болуы. Жүргізушілердің жылдамдық режимін, дизель отынының көлемін сақтауын бақылау және маршруттар бойынша қозғалыстарды қадағалау үшін әрбір автомобильде арнайы зауыттық навигациялық аспап орнатылған.

2021 жылғы қаңтарда мемлекеттің қолдауымен компания «ForteBank» АҚ-дан бес жаңа жүк автомобильдерін сатып алуға «жеңілдікпен» несие алды. Несие сомасының арзан болуы «A.V.M. Group» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысуының арқасында болды, бұл несие пайыздық мөлшерлемені жылдық 14%-дан 6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.