Қостанайда BEEF EXPORT GROUP компаниясының жоғары технологиялық ет өңдеу кешені пайдалануға берілді.
Зауыт барлық әлемдік және санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Өндіріс мал союға арналған автоматтандырылған желімен жабдықталған, үймелеу және жиловка, субөнімдер мен терілерді өңдеу цехы бар. Сондай-ақ қалдықтарды өңдеу цехы, ветеринарлық сараптама зертханасы және басқа да қажетті нысандар жұмыс істейді.
Жобаның өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна етті құрайды. Кәсіпорын отандық нарықты ғана емес, Қытай, БАӘ, Ресей, Пәкістан нарықтарын да қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Өнім «Халал» стандарттарына және FCC халықаралық жүйесіне (тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі) толық сәйкес келеді.
BEEF EXPORT GROUP компаниясы «Нұрбанк» АҚ комбинат құрылысына және қажетті жабдықтарды сатып алуға несие алды. Кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 15% құрады, оның 6% компания төлейді, ал 9% айырмасын мемлекет субсидия түрінде өтейді, бұл кәсіпорынға кредиттік жүктемені айтарлықтай төмендетеді. Мұндай жеңілдіктер кәсіпкерлерге «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша беріледі.
Зауытта 250-ге жуық жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, мұнда жоғары білікті мамандарды оқыту және қайта даярлау жүзеге асырылатын болады.
Жобаның ерекшелігі – зауыт баламалы энергия көздерінде-электр энергиясымен қатар, табиғи газбен де жұмыс істей алады. Зауыт экологиялық нормалар мен ережелерді ескере отырып салынған, қалдықтар мен сарқынды суларды толық өңдеуге арналған инженерлік құрылыстары бар.