Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 34-VII ҚРЗ 2-бабының 2-тармағына сәйкес, туроператорлық қызметке лицензия негізінде туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, Заңның 1-бабының 11-тармағы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасына сәйкес қызметтің кіші түрінің атауын ескере отырып, лицензияны қайта ресімдеуге міндетті.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде сізге лицензияны портал арқылы қайта ресімдеуге өтініш беру қажет (лицензияның бірінші кіші түрі – шығу туризмі саласында, лицензияның екінші кіші түрі – келу және ішкі туризм саласында) elicense.kz (порталда туроператорлық қызметке лицензияны қайта ресімдеу бойынша Мемлекеттік қызмет ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап қолжетімді).