Кәсіпкерлік субъектілеріне темекі өнімдерін сөрелерде ашық көрсетуге тыйым салу туралы мәлімет үшін ақпарат

Кәсіпкерлік субъектілеріне темекі өнімдерін сөрелерде ашық көрсетуге тыйым салу туралы мәлімет үшін ақпарат

2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып сатуға тыйым салу туралы 110-бабы  2-тармағының 16 тармақшасы күшіне енді хабарлаймыз.

 

Темекі өнімдері туралы ақпарат сатып алушылардың назарына мәтіні бір сауда орнына көлемі 40х30 сантиметрден аспайтын ақ фонда қара түсті бірдей мөлшердегі әріптермен орындалған және қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді пайдаланбай сатылатын темекі өнімдерінің бағасы көрсетіле отырып, әліпбилік тәртіппен жасалған сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы жеткізіледі.

Сауда объектісінде сатып алушыға темекі өнімін көрсету сатылатын темекі өнімінің, электрондық тұтыну жүйелерінің және олар үшін сұйықтықтардың тізбесімен танысқаннан кейін оның талап етуі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

 Сондай-ақ, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5 және 5-1) тармақшаларымен темекі және темекі бұйымдарына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, темекі қыздыруға арналған жүйелерге,сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында және де темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын бағдарламаларды көпшілік алдында орындау және кез келген басқа да пайдалану нысанындарында жарнамалауға тыйым салынады.

Сондай-ақ, ақпарат туралы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК) 198 және 199-баптары аясында темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын және темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат туралы заңнама талаптарын бұзу» ҚР ӘҚБК-нің 198-бабы  (кәсіпкерлік субъектісінің нысанына және бұзушылықтардың қайталануына байланысты 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі - АЕК) дейін айыппұл салуға әкеп соғады);

«Қазақстан Республикасының темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын сату, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған, электрондық тұтыну жүйелері және олар үшін сұйықтықтар» ҚР ӘҚБК-нің 199-бабы (кәсіпкерлік субъектісінің нысанына және бұзушылықтардың қайталануына байланысты 15-тен 120 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу» ҚР ӘҚБК–нің 455-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын өндіру, тарату, орналастыру және пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу жеке тұлғалар үшін де, кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін де тиісті айыппұл салуға әкеп соғады (кәсіпкерлік субъектісінің нысанына және бұзушылықтардың қайталануына байланысты 60-тан 400 АЕК-ке дейін).