Өткен сәрсенбіде Қостанайда «Даму» Қоры, «First Heartland Jusan Bank» АҚ және «Қостанай DWT/ДВТ» ЖШС арасында онлайн-режимде алғашқы кепілдік беру шартына қол қойылды.
ШОБ өкілдері, банк және «Даму» Қоры АҚ арасында кепілдік шарттарына қол қою енді ЭЦҚ арқылы онлайн қолжетімді.
Онлайн форматта кепілдік беру шарттарға қол қою рәсімді ашық етуге, физикалық байланыстарды барынша азайтуға, ең алдымен шалғай өңірлерде бизнес-жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін уақытты оңтайландыруға мүмкіндік береді. Кепілдік алуға арналған барлық өтінімдердің 72% - ын «Даму» Қоры онлайн рәсімдейді. 2021 жылдың үш тоқсанында кепілдік алуға 12,4 мың өтінім мақұлданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп.
Онлайн-өтінімдерді беру тәртібі 2016 жылы енгізілді және кәсіпкердің жеке кабинетте алатын мәртебесінің арқасында ашықтықты қамтамасыз етеді, ал енді «Даму» Қорының кепілдік шарттарына қол қою жөніндегі басқа да бастамасы іске асырылды.
ЭЦҚ қолдана отырып, басқа қаржы құралы – субсидиялау бойынша шарттарға қол қою мүмкіндігі «Даму» Қорында 2019 жылы енгізілді. Бұл тараптардың шарттарға қол қою мерзімдерін бір жұмыс күніне дейін айтарлықтай жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік берді. 2019 жылы ЭЦҚ қолдану арқылы онлайн қол қойылған құжаттар саны 1700, 2020 жылы – 23000 құрды, ал 2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша 36800 шарттар мен оларға қосымша келісімдерге қол жеткізілді. Барлық процестерді барынша автоматтандырудың арқасында «Даму» Қоры өтініш берушілерге қызмет көрсету процесін айтарлықтай жеделдете алды.