Хабарландыру

Хабарландыру

2021 жылғы тамызда «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыруға жалпы сомасы 59,5 млн. теңгеге 14 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- Қостанай қаласында ЖК «АВК» «Солнышки» даун синдромы бар балаларды дамыту түзету орталығын ашу» жобасымен, ЖК «Айболит» ветеринарлық клиникасы» «Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесін ашу» жобасымен, ЖШС «Диами»-  «Диами» балалар мекемесінде инновациялық алаң құру» жобасымен, ЖК «Сайранбек Дулат» «Отандық бренд трансформер сөмкелерін өндіру» жобасымен, ЖК «Е.К. Кукаев» «Ғимараттардың қабырғалары мен қасбеттерінде тікелей баспа қызметтерін көрсету» жобасымен.

- Арқалық қаласында ЖК «Ақмарал» «Өзіне-өзі қызмет көрсетудің автоматтандырылған жуу кешенін ашу» жобасымен, ЖК «Райиан» «Кондитерлік өнімдер өндірісін іске қосу» жобасымен, ЖК «БКМ» «Былғары шикізатын дайындау және бастапқы өңдеу бойынша цех ашу» жобасымен.

- Лисаков қаласында ЖК «Батуро» «Металды суық соғу цехын ашу» жобасымен

- Амангелді ауданында ЖК «Аян» «Байланыссыз автожуу ашу» жобасымен.

- Қарабалық ауданында ЖК «Абдрахманова Р.С.» «Металды көркем соғу бұйымдарын өндіру бойынша кәсіпорын ашу» жобасымен.

- Қостанай ауданындағы ЖК «Stenzo» «Бетон және асфальт зауыттарының жұмысын автоматтандыру үшін бағдарламалар жазу» жобасымен.

- Сарыкөл ауданында ЖК «Ыстық ұя» «Baby park» балалар білім беру ойын-сауық орталығының ашылуы» жобасымен, ЖК «Джумаев Б.Х.»  «Тандыр өнімдері өндірісінің ашылуы» жобасымен»