"Еңбек" Бағдарламасы. Алла Ерофеева Жітіқара қаласынан

"Еңбек" Бағдарламасы. Алла Ерофеева Жітіқара қаласынан

Біз сіздерді «Еңбек» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің жетістіктерімен таныстыруды жалғастырамыз.

Жітіқара қаласының тұрғыны Алла Ерофеева дайын азық-түлік өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады. Оның «Шарлотка» кафе-кулинариясында тоқаштар, кондитерлік өнімдер, негізгі тағамдар мен жеңіл тағамдардың үлкен таңдауы бар.

Өнімдердің кең ассортиментін қамтамасыз ету үшін ЖК А.В. Ерофеева 2019 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын несиені пайдаланып, ас үй жабдықтарын сатып алды.

«Шарлотка» кафесінің ұраны – «Аналар бәрінен де дәмді тамақ әзірлейді, біз онымен келісеміз, бізге екінші орын да жарайды!». Бұл ретте, тағамдардың сапасы жайлы бұлай айту мүмкін емес, барлығы да жаңа өнімдерден дайындалады, ал тоқаштар мен салаттардың таңдауы үнемі жаңартылып отырады.