Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

Қостанай облысында «қарапайым заттар экономикасы» салаларына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап Қостанай облысы бойынша жалпы сомасы 47,5 млрд.теңгеге 300 жоба мақұлданды, оның ішінде ағымдағы жылы 2,2 млрд. теңге сомасына 44 жоба.

2021 жылғы 13 сәуірде Бағдарламаға енгізілетін өзгерістердің 7-пакеті күшіне енді:

  1. Лизингтік компанияларды «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына оператор ретінде қосу»;
  2. ЕДБ мен АКК меншікті капиталының ең төменгі мөлшерін 60-тан 50 млрд. теңгеге дейін төмендету;
  3. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының тауар номенклатурасын кеңейту (4 жаңа ЭҚЖЖ: 2352 «Әк өндіру және гипс салу», 0893 «Тұз өндіру», 6201 «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу», 8559 « Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері»)

Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы базасында құрылған өңірлік Жобалық кеңсе тұрақты негізде «қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді (Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 116, тел. - 8-7142-39-42-08).