Табыс тарихы. «Аруана-2010» компаниясы

Табыс тарихы. «Аруана-2010» компаниясы

«Аруана-2010» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қуаты тәулігіне 300 тонна астық өңдейтін элеватор-диірмен кешенін салу жобасын іске асырды. Құрылыс 2010 жылдың көктемінде басталды. 2011 жылдың наурыз айында элеватор-диірмен кешені пайдалануға беріліп, табысты жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда «Аруана -2010» - Қазақстандағы ең ірі ұн өндірушілердің бірі болып табылатын заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. «Аруана-2010» ЖШС қызметінің негізгі түрі астық өңдеу, сақтау, ұн экспорты болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіпорын нан пісіретін бидай ұнын өндіреді және сауда және нан пісіру өнеркәсібі кәсіпорындарын ұнмен тұрақты қамтамасыз етеді. «ПАТША» сауда маркасының ұны Қазақстанның экологиялық таза алқаптарында өсіп келе жатқан жоғары сапалы астықтан шығарылады. Меншікті элеватор оңтайлы теңдестірілген астық қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диірмен кешені толығымен автоматтандырылған, өндірістің барлық процестері электрондық басқару жүйесінің бақылауында.

2020 жылы «Аруана–2010» компаниясы «Қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасы бойынша астықты кейіннен өңдеу үшін сатып алуға Сбербанк АҚ - тан 6% жеңілдікпен несие алды (12% – банк мөлшерлемесі, 6% -«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттен субсидия).

«Аруана-2010» компаниясынан Қостанай ұны тек Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тысқары жерлерге: Ауғанстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Қытайға жіберіледі.