Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын лицензиялау

Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын лицензиялау

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын оларға берілген лицензияға сәйкес қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату бойынша қаржылық қызметтер көрсетуге құқығы жоқ.

Бүгінгі таңда өңірде қолма-қол шетел валютасын айырбастау бойынша 118 айырбастау пункті қызмет көрсетеді, оның ішінде: екінші деңгейдегі банктердің 78 айырбастау пункті, "Қазпошта" АҚ 12 айырбастау пункті және 28 банктік емес айырбастау пункті.

Айырбастау пункттері халыққа қолма-қол валютаны сатып алу немесе сату арқылы қызмет етеді, сондықтан қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында олар белгілі бір талаптарға сай болуы керек.

Лицензиялау тәртібі, біліктілік талаптары ҚРҰБ Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған, олар Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған www.nationalbank.kz.

Өтініштерді қабылдау және "уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ғана жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz.

Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларына лицензияны және оған қосымшаны Ұлттық Банктің аумақтық филиалы барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде береді.Қолданыстағы лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде лицензиялық алым төленеді: қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру үшін 40 (қырық) айлық есептік көрсеткішті құрайды, ал лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.

            Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинеті, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында көрсетілген: www.nationalbank.kz "көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға" бұдан әрі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414, ҚРҰБ Қостанай филиалының телефондары 8 (7142) 99-09-18, 99-09-17.