Бүгін, 26 наурызда Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі А. Ұ. Мамин бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады.

Осылайша, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС алаңында Үкімет басшысының қатысуымен Kia 8 моделді (Cerato, Rio, K5, Seltos, Sportage, Sorento, Soul, Picanto) автомобильдер өндірісі іске қосылды.
Жоба «Аллюр компаниялар тобы» АҚ мен «Киа Motors Ресей және ТМД» арасындағы келісім шеңберінде іске асырылды. Алғашқы өндірілген автомобильдер Cerato, Rio, K5, Seltos, Sportage, Sorento болады.
Сонымен қатар, Үкімет делегациясы машина жасау саласындағы технологияларды автоматтандыруға және өндірісті оқшауландыруға бағытталған «Оқшаулау орталығы» жобасын іске қосуға қатысты.
Бұдан әрі, Үкімет басшысы Индустриялық аймақ аумағында қуаты жылына шамамен 40 мың тонна құйма болатын шойын құю зауытының құрылыс алаңына барды. Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба «КАМАЗ» ЖАҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, Премьер-Министр шетелдік «Татнефть», «Петербург трактор зауыты», «SDF Group», «Гомсельмаш» және «Kia Motors Ресей және ТМД» компанияларымен кездесулерге қатысты.