"Еңбек" бағдарламасы әрекетте

"Еңбек" бағдарламасы әрекетте

Қостанай қаласының жеке кәсіпкері Тимур Бикбусинов екі рет Мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламаларының қатысушысы болды. 2018 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша Тимур жылдық 6% пайыз жеңілдікпен несие алып, өндірістік жабдықты жаңартты.

Ағымдағы жылы Тимур қайтадан мемлекеттік қолдауға жүгінді, бірақ қазір жиһаз жасау үшін өзінің өндірістік үй-жайын сатып алуға. Сатып алынатын үй-жай өндірістік қажеттіліктер үшін барынша ыңғайлы және қала орталығында орналасқан.

Нәтижесінде Тимур Бикбусинов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысуға шешім қабылдап, «Нұрбанк» АҚ-нан 10 жыл мерзімге, жылдық 15% - бен қарыз алды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының арқасында кәсіпкер үшін несиенің барлық мерзіміне пайыздық мөлшерлеме жылдық 6% - ды ғана құрайды, ал 9% - ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, кәсіпкерге кепілдің жетіспейтін сомасына 6,7 млн. теңге мөлшерінде кредит бойынша кепілдік берілді.

Енді өз үй-жайымен компания өз ісін дамытуға жаңа инвестициялар сала алады.