«China National Machinery Import and Export CO ltd» және «JAC Motors» ЖШС компаниясының топ-менеджерлерімен кездесу

«China National Machinery Import and Export CO ltd» және «JAC Motors» ЖШС компаниясының топ-менеджерлерімен кездесу

Бүгін Басқарма басшылығы Қостанай облысы әкімінің төрағалығымен «China National Machinery Import and Export CO ltd» және «JAC Motors» ЖШС компаниясының топ-менеджерлерімен кездесуге қатысты.

Кеңес аясында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қызметінде өткен жылдың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ шетелдік серіктестермен автоөнеркәсіпті дамыту бойынша алдағы перспективалар талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС алаңында 8 әлемдік брендтің 40-тан астам автомобиль модельдері, оның ішінде JAC автомобильдері өндірісі игерілді.

Бүгінгі күні алаңда 39 мыңнан астам автокөлік өндірілді, оның ішінде 7 мың бірлік экспортқа жіберілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе көп.

Сондай-ақ, шетелдік әріптестер жабдыққа 12 млн. астам АҚШ долларын инвестициялағанын атап өту маңызды, бұл шағын торапты құрастыруды (CKD құрастыру) жолға қоюға мүмкіндік берді.