Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

УК-161/2 түзеу мекемесінің (Қостанай қаласы, Киевская көшесі, 46) аумағында 50-ден 2000 шаршы метрге дейін бос өндірістік үй-жайлар бар екенін облыс кәсіпкерлерінің назарына жеткіземіз.

Мекемеде жұмыс мамандықтары бар сотталғандар ұсталады.

Бұл үй-жайларда жалға беру негізінде немесе сенімгерлік басқаруға беру жолымен металл конструкцияларын, металдан жасалған бұйымдарды, ағаш ұсталық, тігін бұйымдарын, жұмсақ және корпустық жиһазды, құрылыс материалдарын және т. б. өндіру бойынша цехтар ашуға болады.

Мүдделі тұлғалар Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының 8 (7142) 90-20-63 (Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, каб.7) телефоны бойынша хабарласа алады., ҚР ІІМ ҚАЖК «УК-161/2 мекемесі» РММ, сотталғандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бөлімі 8 (7142) 74-34-22 (Қостанай қаласы, Киевская көшесі 46).