Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу жайлы хабарландыру

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу жайлы хабарландыру

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 1089 қаулысына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық- инновациялық даму басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қостанай облысы әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптау кеңесіне қосу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізілетіні турлы хабарландырады.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Басқармаға төмендігідей құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
  2. Салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарырының және бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшермелерін;
  3. Бірлестік мүшелерінің тізімі.

Ескертпе:

* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

Аккредиттеуді алу үшін құжаттар топтамасын қабылдау 2020 жылғы 27 қарашадан бастап 4 желтоқсанға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ жүргізіледі, Тауелсіздік к. 85 (Облыстық филармонияның бұрынғы ғимараты), № 5 каб., жұмыс күндері 9.00-18.30 аралығында (түскі үзіліс 13.00-14.30), байланыс телефоны 8 (714-2) 90-20-58