Осы жылдан бастап, уәкілетті органмен (ҚР ҰЭМ) келісу бойынша, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға үміткерлер «Іскер аймақ» бірыңғай шағын бизнесті қолдау бағдарламасының қатысушыларымен өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі экономика салаларына шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін рейтингтер беру әдістемесіне (Қазақстан Республикасы ҰКП «Атамекен» Басқарма шешімімен 2026 жылғы 30 наурызда әзірленген және бекітілген) сәйкес айқындалған экономикалық қызмет түрлерінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер болып табылады.
Осыған байланысты Қостанай облысының әрбір өңірі үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі айқындалды.
Сондай-ақ, Қағидаларға сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға өтінім берген кезде басым тәртіппен қаралуға жататынына назарларыңызды аударамыз.