«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 15.07.2025 жылғы заңына сәйкес Салық кодексінің 633-бабының 1-тармағында 270.00 СЕН табыстары мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалардың тізбесі айқындалды.
Атап айтқанда, мұндай тұлғаларға жарғылық капиталдағы үлесінің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10%-дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары жатады.
Бұл ретте, мұндай тұлғалар мүлікті сатып алу және иеліктен шығару туралы мәліметтерді, сондай-ақ есепті салық кезеңі ішінде, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерлерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздерін көрсетеді (жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен тіркемелер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі)
2025 жылғы 270.00 СЕН кірістері мен мүлкі туралы декларация тұрғылықты (болған) жері бойынша 15 қыркүйектен кешіктірілмей табыс етіледі.
Жаднама
270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация