Қостанай облысының туристік әлеуетін «Scat Airlines» авиакомпаниясының «Аспан» Борт журналы атап өтті

Қостанай облысының туристік әлеуетін «Scat Airlines» авиакомпаниясының «Аспан» Борт журналы атап өтті

Мақалада өңір бойынша туристік бағыттар – Юбилейное ауылындағы түйе фермасына экскурсия, облыс орталығы бойынша шолу экскурсиясы, Жеңіс саябағына турмаршрут таныстырылды.

Түйе фермасында қонақтар естелікке фотоға түсуге , түеге мініп жүруге,  түйені қолымен тамақтандыруға, сондай-ақ  қазақтың ұлттық ас – сусыны шұбат ішіп, ләззат алуға болды. Сондай-ақ, журналда Амангелді ауданының бірегей орны – «Құмкешу»  құмдары туралы ақпарат орналастырылған.

Олардың орналасуының ерекшелігі - олар негізінен дала ортасында. Бархандардың ортасында туристер үшін киіз үй орнатылған, мұнда мамырдан қазанға дейін келушілер демалып, түскі ас ішіп, осы таңғажайып өлкенің сұлулығынан ләззат ала алады, сондай-ақ жалға берілуі туристерге арналған қызметтерге кіретін стильдендірілген Шығыс костюмдерінде фото жасай алады.