Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

Отандық тауар өндірушілерді қолдау және өңірлердің тауар өндірушілерінің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) компаниялар тобының сатып алуына қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында Қордың операторы болып табылатын «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Холдингтің тауар өндірушілерінің тізілімін қалыптастырады.

Холдингтің тауар өндірушілері тізіліміне енгізу үшін отандық өндіруші http://www.zakup.sk.kz сілтеме бойынша өтіп, Холдингтің сатып алу порталында тіркелуі қажет порталда тіркелу тегін, ЭЦҚ кілті, сондай-ақ индустриялық сертификаттың және/немесе «CT-KZ» нысанындағы сертификаттың міндетті болуы қажет.

ТЖҚ БНА кодтары туралы ақпарат enstru.kz Порталында орналастырылған. Егер ТЖҚ БНА-ның сәйкес кодын таба алмасаңыз, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-нің support2@skc.kz техникалық қолдауға жазыңыз немесе 8 7172 55 22 66 Call – қоңырау шалыңыз.

Холдингтің тауар өндірушілер тізіліміне енгізу туралы ақпарат zakup.sk.kz жүйеде тіркеу кезінде көрсетілген өндірушінің электрондық поштасына келеді. Сондай-ақ, тізілімге енгізу туралы мәртебені http://www.zakup.sk.kz порталында «жеткізушілерді басқару» кіші бөлімінде Холдинг тауар өндірушілерінің тізілімін таңдап Тізілімдер мен тізбелер бөлімінде тексеруге болады.

Холдингтің сатып алуларына қатысу үшін zakup.sk.kz порталында компанияның баға тізімін толтыру қажет. Баға базасын толтыру бойынша бейне нұсқаулық сілтеме бойынша қол жетімді.

Жоғарыда көрсетілген барлық кезеңдерден өткеннен кейін отандық өндіруші «тауар өндіруші» басымдығымен Холдингтің сатып алуына қатыса алады. Естеріңізге сала кетейік, «тауар өндіруші» мәртебесі бар Холдингтің сатып алуларына қатысу тек тауар өндірушілерге ғана беріледі.