Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің кезекті отырысы

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің кезекті отырысы

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярдың төрағалығымен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті, оның барысында «қарапайым заттар экономикасы» саласы тауарларының (жиһаз, жеңіл, тамақ, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары және машина жасау тауарлары) мемлекеттік секторын сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі жұмыстың, сондай-ақ ағымдағы жылдың 10 айындағы инфрақұрылымдық жобалардың қорытындылары шығарылды.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жалпы жоспары мониторингке жататын тауарлардың барлық түрлері бойынша 8,6 млрд.теңгені, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша сатып алудың нақты сомасы – 6,9 млрд. теңгені немесе 80% - ды құрайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі: жеңіл – 74% (KPI – 46,9%), жиһаз – 77% (KPI – 50,5%), химия – 68% (KPI – 19,1%), тамақ – 87% (KPI белгіленбеген), құрылыс материалдары – 82% (KPI – 42,9%), машина жасау – 41,2% (KPI – 14,6%) құрады.

Өңірде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 176,1 млрд.теңге болатын 413 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, оның ішінде құны 100 млн. теңгеден асатын объектілер бойынша – жалпы сомасы 118,6 млрд. теңге болатын 133 жоба, «Жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 57,4 млрд. теңге болатын 280 жоба іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде құны 100 млн.теңгеден асатын объектілер бойынша қазақстандық қамту үлесі – 85% (KPI – белгіленбеген), ЖҚЖК шеңберіндегі жобалар бойынша – 84% (KPI кемінде 90%) құрады.

Сондай-ақ, отырыс барысында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.

Бизнес субъектілерінің ұсыныстарын ескере отырып, бағдарламаға пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, бағдарламаның қолданылуын 2021 жылдың соңына дейін ұзартуға, кепілдік алуға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қосуға және т. б. қатысты 6 пакет өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жалпы сомасы 49,4 млрд.теңгеге 245 жоба мәлімделген, оның ішінде 192 жоба 31,3 млрд. теңге сомаға мақұлданған.