2026 жылғы 16 наурыздан бастап 2026 жылға арналған экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу үшін отандық кәсіпорындардан өтінімдер қабылдау жүргізілуде.

2026 жылғы 16 наурыздан бастап 2026 жылға арналған экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу үшін отандық кәсіпорындардан өтінімдер қабылдау жүргізілуде.


2026 жылғы 16 наурыздан бастап 2026 жылға арналған экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу үшін отандық кәсіпорындардан өтінімдер қабылдау жүргізілуде.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 16 сәуірге дейін жүзеге асырылады.
Экспорттық акселерация бағдарламасы шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды құралдарының бірі болып табылады және халықаралық нарықтарға бәсекеге қабілетті өніммен шығуға қабілетті тұрақты экспорттаушы компанияларды қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаға экспорттық әлеуеті бар келесі салалардың кәсіпорындары қатысуға шақырылады:
– Азық-түлік өнімдері
– Инжинирингтік қызметтер
– Тұтыну тауарлары
– Жеңіл өнеркәсіп
– Машина жасау
– Металлургия
– Құрылыс материалдары
– Мұнай-химия өнеркәсібі
– Химия өнеркәсібі
– Мебель өнеркәсібі
– Ауыл шаруашылығы
– IT қызметтері
– экономиканың экспорттық әлеуеті бар өзге де басым салалары.
Бағдарлама аясында қатысушы компанияларға экспорттық дайындыққа диагностика жүргізу, сыртқы нарықтарға талдау жасау, өнім мен қаптаманы мақсатты нарықтардың талаптарына бейімдеу, шетелдік әріптестерді іздеу және іскерлік келіссөздер ұйымдастыру, сондай-ақ экспорттық мәмілелерді сүйемелдеу бойынша кешенді қолдау көрсетіледі.
Бағдарламаға қатысушылар конкурстық негізде іріктеледі. Іріктеу барысында өнімнің экспорттық әлеуеті, кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері мен қаржылық тұрақтылығы, сондай-ақ шетелдік нарықтарға ұзақ мерзімді шығуға дайындық деңгейі ескеріледі.
Осыған байланысты аталған ақпаратты назарға алуларыңызды және өңірлердегі әлеуетті экспорттаушы кәсіпорындар арасында бағдарламаны ақпараттық тұрғыда ілгерілетуге қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу үшін тіркеуден төменде көрсетілген сілтеме немесе QR-код арқылы өтуге болады: https://forms.gle/F3eAs4Rry3SGDdfr6