Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №127 «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесіне енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктерін аккредиттеу өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2. Құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.
Ескертпе:
* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Аккредиттеуді алу үшін құжаттар топтамасы 2026 жылғы 26 ақпаннан 5 наурызға дейінгі мерзімде «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасы» ММ-де қабылданады, мекенжайы Тәуелсіздік к. 85, №5 кабинет, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), телефон 8 (714-2) 54-11-86.