«Nova Kids» - мұнда болашақ өсіп келеді!

«Nova Kids» - мұнда болашақ өсіп келеді!

Қостанай қаласының тұрғыны Ольга Соловьёва 10 жыл бойы құрылыс бизнесін басқарған, бірақ көп ұзамай назарын балалардың дамуына аударуды шешеді. Бұл ойы білім беру, инклюзивті және қайырымдылық миссиясын орындайтын балалар орталығын ашу болады.
Қолайлы үй-жайды жалға алып, Ольга Андреевна «Nova Kids» орталығын ашады да бірнеше жылдан кейін белгісіздік, үнемі өсіп келе жатқан бағамен жалдау ақысы және барлық ойларын жүзеге асыру мүмкін еместігіне байланысты кәсіпкер мемлекеттік қолдауға жүгінді.
«Үміт» әйелдер кәсіпкерлігі бағдарламасы бойынша ЖК О.А. Соловьёваға «Halyk Bank» ауданы 500 ш.м. болатын ғимаратты сатып алуға жылдық 16,5% несие берді. Бағдарламаны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ іске асырады.
Несиелеу бизнестің қаржылық моделін толығымен өзгертті: ай сайынғы жалдау төлемдері меншікті активке салынған инвестициялармен ауыстырылды, бұл балаларға арналған білім беру бағдарламаларын кеңейтуге, мұғалімдерді қосымша оқытуға, сондай-ақ ата-аналарға арналған білім беру курстарын бастауға мүмкіндік берді.
Ольга Соловьева Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне кіреді және «Болашақ интеллектісі» қорының негізін қалаушы болып табылады. Ағымдағы жылы кәсіпкер даму ерекшеліктері бар балаларға арналған нейро-бөлмені ашуға 5 млн.теңге сомасында мемлекеттік грант алды.
«Болашақтың интеллектісі» қоры балаларға логопед, хореограф, нейрокоммуникация, арт-терапия, эко-жылыжай қызметтерін ұсынады. Орталықта VR-технологиялар, адаптивті интеллект қолданылады, сондай-ақ тақырыптық мерекелер мен фотосессиялар өткізіледі. Тәрбиеленушілер үшін барлық жағдайлар жасалған: толық тамақтану, жайлы жатын орындар, заттарды сақтауға арналған жеке шкафтар, дамытушы ойыншықтар, ойын алаңы, ал қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары мен қоршалған аумақ бар.
Сонымен қатар, Ольга Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң шеңберінде енгізілген және осы бағытта бірлесіп жұмыс істеу үшін зообақылау ұйымдарын тарта отырып, оларды зарарсыздандырудан, вакцинациялаудан және чиптеуден кейін мекендеу ортасына қайтару жолымен қаңғыбас жануарлар санын ізгілікпен қысқартуға бағытталған АЗВШ («Аулау – зарарсыздандыру – вакцинациялау – шығару») мемлекеттік бағдарламасының Қостанай облысы бойынша үйлестірушісі болып табылады.