«Мебель-Белка»

«Мебель-Белка»

«Мебель-Белка» ЖШС 2009 жылдан бастап корпустық және жұмсақ жиһаз өндірумен айналысады. Компанияның негізін қалаушылар – Әулиекөл ауданының тумалары болып табылатын ерлі-зайыптылар Александр мен Юлия Курильскийлер. Александр теміржол инженері, Юлия жиһаз дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген. Оған өзінің жиһаз өндірісін ашу идеясы келеді.
Ерлі-зайыптылар үйде жиһаз жасаудан бастайды, содан кейін арнайы бөлмені жалға алады және 2 жылдан кейін Құсмұрын ауылында жеке жиһаз дүкенін ашып, аймақтың ең ірі өндірушілерінің біріне айналды. Кейін кәсіпкерлер Әулиекөл ауылына көшіп келіп, ауданы 500 шаршы метр болатын өндірістік үй-жайды жалға алып, 2016 жылы Қостанай қаласында ЖШС тіркеп, өндірісті іске қосады. Александр фирманың директоры болды және өндіріс процесін басқарды, ал Юлия сату, жарнама және дизайнға қатысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды.
8 жыл ішінде өндірістің жалпы ауданы 400-ден 800 шаршы метрге дейін өсті, 2 сауда орны ашылды, ал өткен жылдың қыркүйегінде «Мебель-Белка» ЖШС ауданы 1000 шаршы метрден асатын жаңа жақсартылған үй-жайға көшті. Алайда, пандемияға байланысты 2020 жылы Құсмұрын мен Әулиекөлдегі сауда орындарын жабуға тура келеді.
«Мебель-Белка» ЖШС бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының бірнеше мәрте қатысушысы болып табылады. 2023 жылы компания айналым қаражатын толықтыруға кредит беру үшін «ForteBank» АҚ-ға жүгінді. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% дейін төмендетілді, сондай-ақ жетіспейтін кепілмен қамтамасыз етуді жабу үшін қарыз сомасының 57% мөлшерінде «Даму» Қорының кепілдігі берілді.
2024 жылы кәсіпорын Кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдаумен өзінің өндірістік ғимаратын сатып алу үшін қайтадан кредит алды.