«Бір ауыл – бір өнім»

«Бір ауыл – бір өнім»

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері үшін 5 млн. теңгеге дейінгі сомадағы гранттық қаржыландыруға арналған 2 конкурстың қорытындысы бойынша гранттарды 4 кәсіпкер алды (ақпарат Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабының 13-тармағына сәйкес берілген):
Қостанай қ.: «Ақ ерке и К» ЖШС, «ALPHA» ЖК
Рудный қ.: «Элит Оптика 2011» ЖШС
Федоров ауданы: Белова Л.А. ЖК
Жалпы, ағымдағы жылы грантпен 15 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және 2 «БАБӨ» финалисті қолдау тапты. Қаржыландырудың жалпы сомасы 83 млн. теңгені құрады.