Ағымдағы жылғы 29 қазанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне гранттар беруге арналған екінші конкурс өтті

Ағымдағы жылғы 29 қазанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне гранттар беруге арналған екінші конкурс өтті

Ағымдағы жылғы 29 қазанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне гранттар беруге арналған екінші конкурс өтті. Байқауға 9 әлеуметтік кәсіпкер қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айындағы байқаудың қорытындысы бойынша әлеуметтік бизнесті дамытуға жалпы сомасы 63 млн.теңгеге 13 кәсіпкер грант алған болатын. Алайда, ағымдағы жылы бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 87 млн. теңге қарастырылды, осыған байланысты тағы бір конкурс өткізу туралы шешім қабылданды.
Конкурстық комиссияның жобаларды іріктеу нәтижелері барлық конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін жарияланатын болады.