Ағымдағы жылғы 18 қазанда Қостанайда «QADAM» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырған Бірінші Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлер форумы өтті. Іс-шараға Қостанай, Атырау, Алматы, Павлодар облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясынан спикерлер қатысты.
Форумда қолөнершілердің, оның ішінде «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасының қатысушылары мен финалистерінің көрме – жәрмеңкесі, сондай-ақ «ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекемесі» түзеу колониясының аумағында өндірілетін өнімдер ұсынылды.
Сондай-ақ, форум шеңберінде қаржы сауаттылығы, бизнес-ойлау және инвестициялық тартымдылықты бағалау бойынша танымал кәсіпкер Виктор Хегайдың шеберлік сағаты өтті.
Облыстың әлеуметтік бизнесін қолдау мен дамытуға ерекше үлес қосқан ең белсенді әлеуметтік кәсіпкерлерге «Атамекен» ҰКП алғыс хаттары, атап айтқанда, М. Дулатов атындағы ҚИНЭУ мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының директоры Айгуль Сегизбаеваға, белсенді қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкерлік кіші комитетінің мүшесі Динара Куджуловаға, эко-ағарту мәселелері жөніндегі сарапшы Динара Шадринаға табыс етілді.
Форумды ұйымдастырушы және «QADAM» қорының төрағасы Александр Соболев атап өткендей, іс-шара әлеуметтік жобаларды дамыту үшін білім, шабыт және мүмкіндіктер алу алаңына айналды.