ИУ ИП Мороз

ИУ ИП Мороз

Ольга Александровна Мороз – Денисов ауданының кәсіпкері, балалар тауарлары дүкендері желісінің негізін қалаушы және басшысы. Ольга өзінің кәсіпкерлік қызметін 2019 жылдың сәуір айында сауда үйінде жалға алынған 50 шаршы метрлік шағын ойыншықтар бөлімінен бастады. Бастапқы капиталға ақша туыстарынан алынды. Алғашында ол сатушыдан бухгалтерге дейінгі рөлдерді біріктіріп, жалғыз жұмыс істеген, бірақ бір жылдан кейін Ольга өзінің алғашқы 200 шаршы метрлік дүкенін сатып алып, үш қызметкерді жұмысқа орналастырды.
Аудандағы алғашқы арнайы ойыншықтар дүкені балалар мен олардың ата-аналары үшін нағыз олжа болды. Қазір мұнда тауарлардың кең ассортименті ұсынылған, заманауи есеп бағдарламалары енгізілген, төлемнің барлық мүмкін түрлері қолданылады, тіпті банктер бас тартқандарға да қол жетімді ішкі бөліп төлеу бар.
2022 жылы ЖК Мороз О.А. Жітіқара қаласында филиал ашты. Өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және балабақшаларға, мектептер мен балалар үйлеріне қайырымдылық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін бизнесті табысты дамытудың арқасында кәсіпкер жергілікті қоғамдастықтың дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет ауыл және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.
ЖК Мороз О.А. әртүрлі қаржыландыру бағдарламалары бойынша үш рет мемлекеттік қолдау алды. 2025 жылдың маусым айында кәсіпкер «Ішкі сауда субъектілерін қолдау» бағыты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаумен және «Даму» Қорының кепілдігімен «Қазақстан Халық банкі»АҚ-дан кредите алды. Кредит жабдықты жаңартуға және сауда алаңын кеңейтуге бағытталған.