Cеминар по вопросам государственой поддержки бизнеса и нововведениям налогового законодательства

Cеминар по вопросам государственой поддержки бизнеса и нововведениям налогового законодательства

Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте айтылған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын орындау шеңберінде, ағымдағы жылғы 15 қазанда өңірлік Кәсіпкерлер палатасының базасында бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері және салық заңнамасының жаңалықтары бойынша семинар өтті. Іс-шараға Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, өңірлік мәслихаттардың өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен бизнес өкілдері қатысты.
Негізгі мәселе жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері үшін салық мөлшерлемесін төмендету болды. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес мәслихаттарға салық мөлшерлемесін 50%-ға дейін төмендету құқығы берілді, бұл бизнеске үнемделген қаражатты кәсіпорындарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жалақыны арттыруға бағыттауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бизнесті, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолданыстағы шарттары түсіндірілді. Бүгінгі таңда облыста түрлі қаржылық қолдау шараларымен 200-ге жуық бизнес-жоба, ал сервистік және ақпараттық – консультациялық қызметтермен 3 мыңнан астам адам қамтылған.