Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ; электрондық поштаның мекенжайы: upp@kostanay.gov.kz; байланыс телефоны: 8 (714-2) 54-12-25, 8 (714-2) 54-11-86. Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру. Конкурс нысаны: ашық конкурс. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: «Kezekte.kz» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы. Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер инвестициялық гранттар ұсыну Қағиданың 4 қосымшасына сәйкес «Бәсекеге қабілеттілік» нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады. Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы «20» қазаннан бастап 2025 жылғы «23» қазанға дейін. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ ресми сайтында және Instagram (kiidb_kostanay) мен Facebook (https://www.facebook.com/upiirKO) әлеуметтік желілерінде танысуға болады.