Ағымдағы жылғы қыркүйекте әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс өтті
Ағымдағы жылғы қыркүйекте әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс өтті. Гранттың максималды сомасы – 5 млн. теңге.
Конкурсқа барлығы 14 әлеуметтік кәсіпкер және 2 «БАБӨ» финалисті қатысты.
2024 жылдан бастап конкурстық іріктеудің негізгі критерийлерінің бірі бизнес-идеяның жаңалығы емес, оның әлеуметтік бағыты, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыруға негізделгенін естеріңізге саламыз.
Ұсынылған өтінімдерді қарастыру нәтижелері бойынша Конкурстық комиссия келесі 13 қатысушының бизнес-жобаларын қолдады (ақпарат ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабының 13-тармағына сәйкес берілген):
Қостанай қ.: «Үміт-Надежда» тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ, ЖК «Соловьева»;
oРудный қ.: «Jardem» бейімдеу және әлеуметтендіру» ҚБ, ЖК «КУРБАНАЛИЕВА»;
Арқалық қ.: «Алигатор» ЖК, «Мүсілім» ЖК, «Ибраев Н.» ЖК;
oЛисаков қ.: «АУЫЛ БРЭНД» ЖК;
Қостанай ауданы: «Жилкайдарова А.Б» ЖК., «Оңалту медициналық орталығы» ЖШС;
Жангелдин ауданы: «Ибраев Фархат Буранбаевич» ЖК;
Меңдіқара ауданы: «Айтмагамбетова М.С.» ЖК
oСарыкөл ауданы: «ЗАКЕНОВА С.Б.» ЖК
Келесі гранттық қаржыландыру конкурсы 2026 жылы өтеді. Оған қатысу үшін кәсіпкер Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілуі не «БАБӨ» жобасының финалистерінің бірі болуы тиіс(өтінімдерді жақын арада қабылдау – 1-15 желтоқсан аралығында), оларды іріктеу келесі жылы да өтеді.