«Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бәйтерек» холдингі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды.
Бағдарлама микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған. Несиелеудің басым бағыттары: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтауы.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
- сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды;
- несие сомасы – инвестициялық мақсаттар үшін 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңгеге дейін;
- қаржыландыру мерзімі:
инвестициялық мақсаттар үшін – 10 жылға дейін;
айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 жылға дейін;
қайта қаржыландыру үшін – қаржыландырылып жатқан қарыздың қалған мерзіміне дейін (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген несиелерге қатысты).
«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер тікелей несие берушілерге жүгінуі қажет. Қазіргі кезеңде «Freedom Bank», «ЦентрКредит Банкі», «Forte bank» және «Halyk bank»-пен тиісті келісімдерге қол қойылды.