2025 жылдың 1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің жаңа кезеңі басталады!

2025 жылдың 1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің жаңа кезеңі басталады!

Бұл — біздің ауданның білімді, белсенді және жауапты жастары үшін ел болашағына өз үлесін қосуға таптырмас мүмкіндік.

Іріктеу 6 негізгі бағыт бойынша өтеді:
— әлеуметтік саясат
— инфрақұрылымды дамыту
— өнеркәсіп және сауда саясаты
— экономика және қаржы
— цифрландыру және экология
— сыртқы саясат және инвестициялар

Үміткерлерге қойылатын талаптар: 35 жасқа дейінгі жас, жоғары білім, жұмыс тәжірибесі және мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгеруі.

Құжаттарды қабылдау pkrezerv.gov.kz сайтында онлайн түрде 1–30 маусым аралығында жүргізіледі.