«2020 жылғы 2 қазанда облыстық коммуналдық меншіктегі объектілер сату бойынша аукционды өткізу туралы»

«2020 жылғы 2 қазанда облыстық коммуналдық меншіктегі объектілер сату бойынша аукционды өткізу туралы»

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату жөнінде аукцион өткізеді.

Сауда 2020 жылғы 2 қазанда сағат 10.00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі.

Облыстық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы №920 (бұдан әрі - Ережелер) қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

АУКЦИОН                     

 Бағаны көтеруге арналған сауда әдісі

"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ

 

  1. "Газ 3102 311" автомашинасы, р/н P255СА, "Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі" КММ, Алтынсарин ауд., Красный Кордон ауылы, Кавказская к-сі, 2Б құрылыс, тел. 87144522633 (техникалық жарамсыз).

Шығарылған жылы – 2003.

Бастапқы бағасы – 210 000 теңге.

Кепілдік жарна – 31 500 теңге.

  1. "Урал 5557" автомашинасы (гидроманипуляторы бар самосвал), р/н Р815BW, "Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі" КММ, Алтынсарин ауд., Красный Кордон ауылы, Кавказская к-сі, 2Б құрылыс, тел. 87144522633 (техникалық жарамсыз).

Шығарылған жылы – 1991.

Бастапқы бағасы – 1 700 000 теңге.

Кепілдік жарна – 255 000 теңге.

  1. "YTO-Х1204" доңғалақты тракторы, р/н Р208ATD, "Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі" КММ, Алтынсарин ауданы, Красный Кордон ауылы, Кавказская көшесі, 2Б құрылыс, тел. 87144522633 (техникалық жарамсыз).

Шығарылған жылы – 2007.

Бастапқы бағасы – 2 400 000 теңге.

Кепілдік жарна – 360 000 теңге.

"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ

  1. "Ваз 21074" автомашинасы, р/н 847ВА10, "Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы" КМК, Қостанай қ., О.Шипин көш., 153/3, тел. 87142533809 (техникалық жарамсыз).

Шығарылған жылы – 2002.

Бастапқы бағасы – 150 000 теңге.

Кепілдік жарна – 22 500 теңге.

  1. "Ваз 21070" автомашинасы, м/н 719ВА10, "Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы" КМК, Қостанай қ., О.Шипин көш., 153/3, тел. 87142533809 (техникалық жарамсыз).

Шығарылған жылы – 2006.

Бастапқы бағасы – 150 000 теңге.

Кепілдік жарна – 22 500 теңге.

  1. "Газ 31105 411" автомашинасы, м/н 954АХ10, "М.Қарабаев атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығы" КМК, Меңдіқара ауд., Боровское ауылы, Тубсанаторий к-сі, 32, тел. 87144321863 (техникалық жарамсыз).

Шығарылған жылы – 2005.

Бастапқы бағасы – 350 000 теңге.

Кепілдік жарна – 52 500 теңге.

"Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" ММ

  1. "ВАЗ 11183" автомашинасы, м/н 109AF10, "Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және кинобейнеқоры орталығы" КМҚК, Қостанай қ., Лермонтов к-сі, 15, тел. 87142392263 (техникалық жарамсыз).

Шығарылған жылы – 2006.

Бастапқы бағасы – 350 000 теңге.

Кепілдік жарна – 52 500 теңге.

"Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы" ММ

  1. "Chevrolet Captiva" автомашинасы, м/н 164АА10, Қостанай қ., Гоголь көш., 75, тел. 87142503572 (қанағаттанарлық).

Шығарылған жылы – 2013.

Бастапқы бағасы – 2 990 000 теңге.

Кепілдік жарна – 448 500 теңге.

Бағаны төмендетуге арналған сауда әдісі

"Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ

  1. "Ssang Yong Actyon Sport" автомашинасы, р/н Р478CR, "Усаков орман шаруашылығы мекемесі" КММ, Федоров ауданы, Усаков ауылы, Лесная көшесі, 1, тел.87144295710 (техникалық жарамсыз).

Шығарылған жылы – 2012.

Бастапқы бағасы – 1 878 000 теңге.

Ең төменгі бағасы – 939 000

Кепілдік жарна – 281 700 теңге.

Назар аударыңыз! Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына қатысушының хабарландыруда көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауданың өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның бірден-бір оператордың арнаулы транзиттік шотына аукционның басталуына екі сағат қалғанға дейін түспеуі негіз болып табылады.

Аукционға қатысу үшін тізілім веб-порталында мыналарды көрсете отырып алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктің есеп шотының деректемелері;

4) байланыс мәліметтері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail);

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген мәліметтерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталына қатысушы ЭСҚ қойылған нысанда саудаға қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

Аукционға қатысушылар аукционның басталуына дейінгі бір сағаттың ішінде ЭСҚ мен аукциондық нөмірді пайдаланып аукцион залына кіреді.

 Аукционды сауданың бағаны көтеру әдісімен өткізу тәртібі

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеруге арналған аукцион қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі (толығырақ www.gosreestr.kz)

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеруге арналған аукцион, егер жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына көтерілген жағдайда ғана өткізілді деп есептеледі, бұл ретте бастапқы бағаны екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Аукционды сауданың бағаны төмендету әдісімен өткізу тәртібі

Сауданың бағаны төмендету әдісімен өтетін аукционда жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға бірінші болып тілек білдірген қатысушы жеңімпаз болып табылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтті деп танылады (толығырақ www.gosreestr.kz)

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион қорытындылары сауда қорытындылары туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған тізілім веб-порталында сатушы мен жеңімпаз ЭСҚ қолдана отырып сауда өткізілетін күні қол қояды.

Аукцион қорытындылары туралы хаттама аукцион қорытындыларын және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша жекешелендіру объектісін сату-сатып алу келісім-шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Сату-сатып алу келісім-шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және оған сатушы мен жеңімпаз ЭСҚ қолдана отырып сауда қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қояды.

 Кепілдік жарнаны алушы – "Ақпараттық-есеп орталығы" АҚ, БИН 050540004455; "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты" (IBAN/ИИК): KZ946017111000000330, БИК НSBKKZKХ; КНП 171; Кбе 16.

Сауда қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады және аукционның басталуына екі сағат қалғанда аяқталады.

Сауда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі.

Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша: 87142575610 және мына сайт бойынша алуға болады: www.oblfin.kostanay.gov.kz.

Техникалық қолдау телефоны:  87142501887.