Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықты қабылдау бойынша әлеуметтік сауалнама

Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықты қабылдау бойынша әлеуметтік сауалнама

Құрметті жазылушылар!
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдің қоғамшылдарымен бірлесіп өңірде сыбайлас жемқорлықты қабылдау жөнінде әлеуметтік сауалнаманы онлайн үлгіде әзірледі. Сауалнаманың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша кері байланыс жасау және талдау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қызметі туралы объективті көзқарасты қалыптастыру мақсатында неғұрлым көбірек қостанайлықтар аталған сауалнамаға қатысқанын өте қалаймыз:
https://docs.google.com/forms/d/13t4m8v1qqpBDqEkJjlHPkcuFUTog0yfV3WpzxaMSchs/edit#responses