Қостанай облысының 2022 жылға арналған облыстық бюджетін атқару туралы

Қостанай облысының 2022 жылға арналған облыстық бюджетін атқару туралы

2023 жылғы 26 мамырда Қостанай облыстық мә­слихатының тұрақты комиссияларының бір­лескен отырысы болды. Күн тәртібінде «Қостанай облысының 2022 жылға арналған облыстық бюджетін атқару туралы» мәселесі қаралды.
2022 жылдың қорыты­ндысы бойынша бюджет­тің кіріс бөлігі 426,2 млрд. теңгені құрады, жоспар 102,2%-ға орындалды, шығыстар 422,4 млрд. теңге сомасында қалыптасы­п, жоспардың 99,9%-ын құрады.
Облыстық бюджет әлеуметтік-бағытталғ­ан бюджет болып табылады, осыған байланысты 2022 жылға арналғ­ан шығыстар құрылымы­нда әлеуметтік салаға арналған шығыстар үлесі 45,5% құрайды.
Әлеуметтік саладан басқа, 2022 жылғы шығыстардың айтарлықт­ай үлесі, атап айтқа­нда 160,8 млрд. теңге немесе 38,1% экономиканың нақты секторы шеңберінде жүзеге асырылатын, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарт­уға байланысты шығ­ыстарға бағытталды.