Бүгін облыстық мәслихат сессиясында облыс бюджеті егжей-тегжейлі қаралып, қабылданды. Барлық жоспарланған шығыс облыстағы бар проблемаларды ескере отырып қаралды. Шығындарды оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын айта кеткен жөн. Мәселен, Қостанай қаласын абаттандыруға жұмсалуы тиіс ақшаны азайту, кейбір жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қаржыны оңтайландыру арқылы бюджет шығынын 8,9 млрд. теңгеге қысқарған. Үнемделген қаражат ТКШ жаңғырту, ауылдарды дамыту іспетті маңызды жобаларға жұмсалатын болады.