2022 жылғы 14 желтоқсанда облыстық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізу туралы

2022 жылғы 14 желтоқсанда облыстық коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізу туралы

Тендер  өткізу туралы

ХАБАРЛАМА

   Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыстық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді өткізеді.

Тендер   2022 жылғы 14 желтоқсанда, сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өтеді.

   Облыстық коммуналдық меншік объектісін беру "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

ТЕНДЕР

Объектінің сипаттамасы

      Баланс ұстаушы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қостанай облысы, Меңдіқара  ауданы, Соснов ауылдық округі, Каменскуральское ауылы, Д.Д. Тілеуов атындағы көшесі, 51-үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысаналы мақсаты - «Солнечный» пионер лагерінің объектілерін орналастыру үшін, кадастрлық нөмірі 12:185:044:001, 1961 жылы салынған жалпы алаңы 3914,2 шаршы метр ғимараттар кешені  және алаңы 8,15 гектар бөлінбейтін жер учаскесіндегі   бұрынғы «Солнечный» пионер лагерінің құрылыстары.

Объектінің жағдайы: жөндеу талап  етіледі.

Объектінің алғашқы бағасы  240 470 000 теңге.

Объектінің бастапқы бағасы   60 117 500 теңге.

Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна 36 070 500 теңгені құрайды.

 

Назар аударыңыз! 1) Объектіні сату бағасы сенімгерлік басқару мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің   базалық мөлшерлемелеріне сәйкес индекстеуге жатады.

2) Объектіні сатқан кезде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.

 

 

Тендер шарттары  мен талаптары

1)  Сенімгерлік басқаруға беру мерзімі – 3 жыл;

2) сенімгерлік басқарудың бірінше және екінші жылында өз қаражаты есебінен ғимарат пен құрылыста жөндеу жұмыстарын жүргізу;

3) сенімгерлік басқарудың үшінші жылынан бастап  демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметтерін ұсыну;

Қатысушыға талаптарды белгілемеу.

Шығыстарды өтеу

Сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезіңде сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу  көзделмейді.

 Жеңімпазды анықтау критерийлері

Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тендер қатысушыларының немесе объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша жабық тендер қатысушылары ұсынған бағалар бірдей  (тең) болған жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Назар аударыңыз! Салық кодексінің  6-тарауына сәйкес салықты және (немесе) төлемді кейінге қалдыру жағдайларын қоспағанда, қатысушының өтінімін қабылдамаудың негізі  тендер басталуға екі сағат қалғанда тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның бірыңғай оператордың есебіне түспеуі және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасында  әлеуметтік төлемдер мен салық берешегі туралы мәліметтің болуы болып табылады.

Тендерді өткізу тәртібі

Тендерге қатысу үшін тізілімнің веб-порталында төмендегілерді көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәй-кестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банкте есеп айырысу шоттарының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгертілген кезде  қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарламаны жариялау күнінен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат ішінде аяқталады.

Тендер қатысушысы ретінде тіркеу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған  өтінімді тіркеу қажет.

Тендер шарттарына келісімі бар өтінімге қоса беріледі:

  • тендер қатысушысы қол қойған арнайы өткізілген тізілімнің веб-порталында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысы.

Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісі бойынша тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда тендер өткізілмеген болып танылады. Егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса бір ғана қатысушы қатысқан тендер өткізілген болып танылады.

Тендер нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз бен құрылтайшының тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемелерін және жеңімпаздың ұсыныстарын белгілейтін құжат болып табылады.

Тендер нәтижелері туралы хаттамаға құрылтайшы және жеңімпаз тендер өткізілген күні қол қояды.

Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна келесі шотқа енгізіледі:

Кепілдік жарнаны алушысы: "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ, БСН 050540004455; Есептеу шоты (IBAN/ИИК) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ: KZ946017111000000330; БИК: HSBKKZKX;  КНП: 171; Кбе: 16.

Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарламаны жариялау күнінен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат ішінде аяқталады.

Тендер Астана қаласының сағаты бойынша сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі және тендер өткізген күні аяқталады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы 87142575610 және www.oblfin.kostanay.gov.kz  сайтында алуға болады.

Техникалық қолдау телефоны 8(7142)501887.