2022 жылғы үздік әлеуметтік серіктес

2022 жылғы үздік әлеуметтік серіктес

10 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Кәсіби одақтар күні қарсаңында  Қостанай облысы әкімдігінің Қаржы басқармасына  басшы  Алма Әутенқызы Жүсіпова  атынан  Қостанай облысының кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс жарияланды  және «2022 жылғы үздік әлеуметтік серіктес» статуэткасы табысталды.

Сондай-ақ, Басқарма қызметкерлері: А.М.Рахимжановаға, М.Н.Ибраевқа, М.А.Жандәулетовқа,  К.В.Мегерьянға, Р.К.Жайлаубаевқа, С.Б.Кәрімоваға, З.К.Қуановаға,  А.Н.Нағашыбаеваға,  М.А.Сұңқаровқа, К.Г.Құсайыноваға, А.К.Мұсаға    кәсіподақ қызметіндегі  белсенді және жемісті еңбектері,   кәсіподақ қозғалысының дамуына  жеке үлестері үшін алғыс хаттар табысталды.