2022 жылғы 21 маусымда облыстық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізу туралы

2022 жылғы 21 маусымда  облыстық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендер өткізу туралы

Тендер өткізу туралы

ХАБАРЛАМА

 

Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыстық коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді өткізеді.

Тендер  2022 жылғы 21 маусымда, сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өтеді.

Облыстық коммуналдық меншік объектісін беру «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

ТЕНДЕР

Обьектінің сипаттамасы

                Баланс ұстаушысы – Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, баланстық құны 8 019 946 (сегіз миллион он тоғыз мың тоғыз жүз қырық алты) теңге 27 тиын тұратын жабдықтарымен бірге 2005 жылы салынған, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 124Б мекенжайы бойынша, жалпы ауданы 0,6638 гектар бөлінетін жер учаскесінде орналасқан, кадастрлық нөмірі – 12:193:099:006, нысаналы    мақсаты – әлеуметтік аймақ объектілеріне қызмет көрсету үшін, баланстық құны 162 210 319 (жүз алпыс екі миллион екі жүз он мың үш жүз он тоғыз) теңге 46 тиын тұратын, жалпы ауданы 4467,8 шаршы метр аквапарк (бассейн) ғимараты.

Обьектінің жағдайы: жөндеу талап етіледі.

Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна 5106908 (бес миллион жүз алты мың тоғыз жүз сегіз ) теңгені құрайды.

 

Тендер шарттары мен талаптары

        1)  сенімгерлік басқаруға беру мерзімі – 7 жыл;

       2) сенімгерлік басқарудың бірінші жылынан бастап ғимаратқа өз қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізу (соның ішінде вентиляцияны жөндеу, жабыны жөндеу, сумен жабдықтау және кәріз желілерін жөндеу, объектінің ішкі электр сымдар жүйесін жөндеу және т.б.);

      3) сенімгерлік басқарудың  үшінші жылынан кешіктірмей спорттық -сауықтыру саласында  қызметтер ұсынуға;

      4)  ғимаратты  және жабдықтарды өз қаржысы есебінен ұстау (сонын ішінде коммуналдық, эксплуатациялық қызметтерді төлеу және т.б.).

      Қатысушыларға талаптар белгіленген жоқ.

 

Сыйақының көлемі

             Сенімгерлік басқарушыдан  сыйақының шекті көлемін  50 % көлемінде белгілеу.

Шығындарды өтеу

                               Сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру   кезінде   сенімгерлік басқарушының    қажетті шығыстарын өтеу көзделмейді.

 

Жеңімпазды анықтау критерийлері

Сыйақының ең төменгі (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан таза табысына пайыздық арақатынасында), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шектелген көлемінен аспайтын көлемін ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Тендер қатысушыларының сыйақы көлемі бірдей  (тең) болған жағдайда бұрын өтінімді тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Назар аударыңыз! Бірыңғай оператордың шотына тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген тендердің басталуына дейін екі сағат ішінде кепілдік жарнаның түспеуі және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік деректер базасында Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес салықтарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту және(немесе) төлемдерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер және салық берешегі бойынша берешек туралы мәліметтер тізілімнің веб-порталымен қатысушының өтінімдерін ауытқу үшін негіздемелері болып табылады.

 

Тендерді өткізу тәртібі

Тендерге қатысу үшін тізілімнің веб-порталында төмендегілерді көрсете отырып, алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болуы кезінде);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банкте есеп айырысу шоттарының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail).

      Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерту кезінде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

       Тендер қатысушыларын хабарламаны жариялау күнінен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат ішінде аяқталады.

Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған нысаны бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тіркеу қажет.

      Тендер шарттарымен келісімі бар, өтінімге қоса беріліп отыр:

  • Тендер қатысушысы қол қойған, арнайы өткізілген тізілімнің веб-порталында электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс.

Егер объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға жалғыз қатысушы жіберілген жағдайда, құрылтайшы онымен өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен шарт жасай алады.

Жеңімпаздың және құрылтайшының міндеттемелерін, тендер талаптарында шарттарды жасауды және жеңімпаздың ұсыныстарын белгілейтін белгілейтін құжат тендер нәтижелері туралы хаттама болып табылады.

Тендер нәтижелері туралы хаттамаға құрылтайшы және жеңімпаз тендерді өткізу күні қол қояды.

     Тендерге  қатысу үшін кепілдік жарна келесі шотқа енгізіледі:

     Кепілдік жарнаны алушысы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455; Есептеу шоты (IBAN/ИИК) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ: KZ946017111000000330;   БСН: 050540004455. БИК: HSBKKZKX;  КНП: 171; Кбе: 16.

     Тендер қатысушыларын тіркеу хабарламаны жариялаған күнінен бастап жүргізіледі және тендердің басталуына дейін екі сағат ішінде аяқталады.

     Тендер Нұр-Сұлтан қаласының сағаты бойынша сағат 10:00-ден 13-00-ге дейін өткізіледі және тендер өткізген күні аяқталады.

     Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы 87142575610 және www.oblfin.kostanay.gov.kz  сайтында алуға болады.

     Техникалық қолдау телефоны 8(7142)501887.